Өскемен
ясно
-19°
  • Өскемен
    -19°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +6°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -11°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -8°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    -5°
$
515.89
-7.83
536.32
-7.77
¥
70.7
-1.05
5.17
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚТУ ғалымдары таңбалы тастарды цифрландыру жұмыстарын бастады

Виртуалды көшірмелер ғалымдардың жаңа зерттеулер жүргізуіне мүмкіндік береді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚТУ ғалымдары таңбалы тастарды цифрландыру жұмыстарын бастады
Фото:
Устинка LIVE

Ол үшін ерекше қондырғылар, бағдарламалар, цифрландыру жұмысына арналған жаңа технологиялар сатып алынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында табиғи бояулармен өрнектелген, ежелгі заманға тән таңбалы тастар бар. Бұл дүниелердің 4 мың жылдық тарихы бар көне жәдігерлер қатарында. Ғалымдардың қызығушылығын тудыратын таңбалы тастар бүгінде сыры кетіп, ескіре бастаған. Тіпті, ХХ ғасырдағы кейбір деректері белгісіз болып отыр. Сондықтан, биылдан бастап ШҚТУ ғалымдары айтулы кескіндерді цифрландыру жұмыстарын бастады. Виртуалды көшірмелер ғалымдардың жаңа зерттеуіне қолжетімді болып, көне заман суретшілерінің мұрасы сабақтастық таппақ.

Тарихи мәні зор бұл жобаны "Қазцинк" компаниясы қаржыландыруда. Жобаға ерекше қондырғылар, бағдарламалар, цифрландыру жұмысына арналған жаңа технологиялар сатып алынды. Ландшафттық кескінді құжаттандыру үшін әуе аппараттары арқылы аэротүсірілімдер жасалып, 3 өлшемді модельдер пішіні дайындалды, - дейді министр.

Цифрлы бейнелерді өңдеу барысында жоғалған белгілер, өшкен суреттердің кескіндері шығарылды. Мұндай назардан тыс қалып қойған, көзден ғайып болған он шақты жаңа тастағы кескіндер ғалымдардың зерттеуіне ұсынылды. Мыңдаған жыл бұрын жазылып, көзден таса қалған таңбалы тастардың тарихи сыры бүгін қайтадан ашылып отыр.

Жоба нәтижелері арнайы сайттар мен желілерге ұсынылып, әлем ғалымдарының назарына ұсынылмақ. Өз кезегінде бұл бастамалар жаңа тарихи жаңалықтардың ашылуына негіз болады. Ғылым және жоғары білім министрлігі мұндай тарихи дүниелерге қашанда қолдау білдіруге даяр екенін жеткізгім келеді, - деді Саясат Нұрбек.

Следующая →