Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі колледждердің бірінде 10 студент тамақтан уланған

Қазір Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің асханасында жоспардан тыс тексеріс жүргізілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі колледждердің бірінде 10 студент тамақтан уланған
Фото:
Устинка LIVE

Кеше аталған колледждің 1-курс студенттері ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Устинка LIVE.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ақпаратына сүйенсек, 10 студент "Тамақ токсикоинфекциясы-?" диагнозымен "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК жұқпалы аурулар бөлімшесіне түскен. Олардың колледж асханасында тамақтанғаны анықталған.

Жұқпалы аурулардың клиникалық белгілері болмағандықтан студенттер ауруханаға жатқызылмаған, амбулаториялық ем алуда. Бүгінгі күні 10 науқастың жағдайы тұрақты. шағымдары жоқ, ауру белгілері қайталанған жоқ. Басқа жағдайлар тіркелген жоқ, - дейді департамент басшысының орынбасары Ғалымбек Алин.

Медициналық бақылауға алынған студенттер 11 қазаннан бастап қашықтықтан оқуға жіберілген, ал зертханалық зерттеулерді алғанға дейін асхананы жалға алушының қызметі тоқтатылды.

Зертханалық тексеріске асханадағы тамақтардың сынамасы алынды. Эпидемиологиялық тергеу жалғасуда, нәтижелері қосымша хабарланады, - деді Ғалымбек Алин.

Следующая →