Өскемен
Бұлтты
-1°
  • Өскемен
    -1°
  • Семей
    -2°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -7°
  • Астана
  • Ақтөбе
    -2°
  • Ақтау
    +12°
  • Атырау
    +9°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
  • Тараз
    +2°
  • Түркістан
    +8°
  • Орал
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
491.29
562.92
¥
71.25
6.1
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддер ЖЭО-ның №2 қазандығы апта соңына дейін іске қосылады

Қазір қазандықты қосу-баптау және қаптау жұмыстары аяқталуға тақаған

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер ЖЭО-ның №2 қазандығы апта соңына дейін іске қосылады
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Ал жоғары қысымдағы №4, №5, №6 қазандықтарды күрделі жөндеу тәуліктік режимде жалғасуда. Ол жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес қарашаның 15-не дейін толық аяқталуға тиіс. Жөндеу жұмыстарымен бірнеше ауысымда 400-ден астам еңбеккер айналысып жатыр.

Бүгінгі таңда, яғни 5 қазанда Риддер жылу-электр орталығында күрделі жөндеуден өткен орта қысымдағы №1 және №3 қазандықтар қалыпты жұмыс істеп тұр. Қазір №3 қазандық қалаға ыстық су, ал әлеуметтік мекемелерге жылу беруде. Жақын арада №1 қазандық агрегатының қуаты номиналды көрсеткіштерге жеткеннен кейін қаланың тұрғын үйлері мен мекемелеріне, өндірістік кәсіпорындарға жылу беру басталады.

Осылайша, жылу-электр орталығындағы барлық алты апатты қазандық толықтай жөндеуден өтіп, технологиялық тізбек қайта қалпына келтірілмек.

Өткен жылыту маусымында Риддер жылу-электр орталығында 84 апатты өшіру болғаны белгілі. Күрделі жөндеуден кейін алдағы жылу беру маусымы штаттық режиде өтуге тиіс деп сендіріп отыр сала мамандары.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Риддер ЖЭО №2 қазандық ШҚО