Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі 20-шы шағын ауданда алғашқы тас жол төселіп жатыр

Шағын аудан тұрғындары бұл тас жолды он жыл күтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі 20-шы шағын ауданда алғашқы тас жол төселіп жатыр
Фото:
автордікі

Асфальт жабындысы төселген соң, аудан ішінде автобус қатынайтын болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл қала басшылығының шағын аудан тұрғындарымен кездесулері нәтижесінде атқарылып жатқан шаруалардың бірі.

"Шағын аудандарды дамыту" бағдарламасы қалада қолға алынғалы екі жылдан астам уақыт болды, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Бұл бағдарлама біздің тұрғындармен кездесу арқылы іске асады. Әр масуым сайын халықпен кездесуді дәстүрге айналдырдық. Сол кездесулер барысында халық қандай мәселе көтереді, соны жоспарға енгізіп, қаржы-қаражат қарастырып, іске асырамыз. Мәселен, 20-шы шағын ауданда 10 жылдан астам уақыт бойы мүлде асфальт төселмеген. Қазір мердігер компания 2 шақырымға жуық жолға асфальт жабындысын төсеп жатыр.

Мердігер компания қар мен жауынға қалмас үшін жұмысты тоқтаусыз жүргізетіндіктеріне сендірді. Жоспар бойынша барлық жұмыстар 31 қазанда аяқталуы керек.

Жолдан бөлек, әкіммен кездесуде 20 және 21-ші шағын аудандарының тұрғындары ауыз су мәселесін де жиі көтеретін. Бұл аудандардағы үйлер орталықтандырылған су жүйесіне қосылғанымен, өрдегі үйлерге су қысымы жетпейді екен.

20 және 21-ші шағын аудан тұрғындарымен кездесуде ауыз су мәселесі жайын да көтерген болатын. Өйткені үйлер таулы жерде орналасқандықтан орталықтандырылған су жүйесінің қысымы жетпей қалады. Сондықтан су қысымын көтеретін насос станциясын орнаттық. Қазан айының соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, қараша айынан бастап тұрғындарға ауыз су беріле бастайды, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Қазіргі күннің өзінде 20-шағын ауданда 350-ге жуық үй бар, 21-ші шағын ауданда жүзге тарта үй салынып қойған. Бірақ алдағы уақытта аудандар әлі де кеңейе түсері анық. Болашақта екі шағын ауданда жалпы саны мыңға тарта үй бой көтеретіндіктен су және жол мәселесі біртіндеп шешілуде.

Бұл халықпен тығыз қарым-қатынастың нәтижесі. Қала басшылығының жүйелі түрде халықпен кездесу өткізіп, сол кездесулерде көтерілген мәселелерді талқылауының нәтижесінде осындай шаруашалар атқарылуда. Қала әкімі бүгінгі күн мен болашақты саралай отырып, келер жылдан бастап шағын аудандарды дамыту бағдарламасын жүйелендіру керектігін айтады.

Следующая →