Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддер ЖЭО-да іске қосылған қазандық жұмысы уақытша тоқтатылды

Жабдықтар жаңа болғандықтан мамандар толық тексеріп алу үшін осылайша суық түспей сынақтан өткізіп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер ЖЭО-да іске қосылған қазандық жұмысы уақытша тоқтатылды
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өткен сенбіде Риддер ЖЭО-дағы қазандық агрегаттарының бірі іске қосылып, тұрғын үйлерге ыстық су берілген болатын.

Сонымен бірге тұрғындардың көңіліне де жылу ұялады. Әлбетте, қыр астында тұрған Алтайдың қытымыр қысы қалалықтарды алаңдатқан болар. Іске қосылған алғашқы қазандық мүлтіксіз жұмыс істеп кеткенде кім-кімнің болмасын көңілі орнына түскені анық.

Естеріңізде болса, өткен қыста Риддер ЖЭО-да қайта-қайта апат болып, қала төтенше жағдайға тап болған еді. Жылу көзін мұндай мүшкіл хәлге жеткізген табиғи апат емес екені анық. 60 мыңға жуық тұрғыны бар қаладағы жылу станциясының жұмысы техникалық үдерістер жиі бұзылғандықтан, ұзық уақыт бойы жөндеу көрмегендіктен тұралап қалды.

Ал қазір ЖЭО қайта тұрғызылғандай болды. Мұны қысқа мерзім ішінде технологиялық тізбекті қайта құрып шыққан мамандар айтып отыр. Енді қала қыста жылусыз қалмауға тиіс.

Екі жарым айда ауқымды шаруа еңсерілді. Мен қысқа мерзімде осынша жұмыс атқарылғанын көрген емеспін, – дейді қазандықтың іске қосылғанын көріп қайтқан өңір жылу энергетикасының беделді ардагері Айтқазы Шерубаев.

Тұрғын үйлерге ыстық су толық берілгеннен кейін қазандық уақытша өшірілді. 

Мамандардың айтуынша, мұндай "үзілістер" – қалыпты жағдай. Қандай да бір ақауларды дер кезінде жою арқылы ғана жылу көзін қысқы маусымға тыңғылықты етіп дайындауға болады. Тіпті, жаңа көліктің өзін де сынақтан өткізеді емес пе? Ал бүкіл қаланы жылумен қамтып отырған алып жабдықтың қыр-сыры одан да көп. Алғаш рет іске қосылған жабдықтар жаңа болғандықтан мұқият тексеріліп, олқылықтары болса, суық түскенге дейін ретке келтірілуі қажет. Сондықтан қазандықтың жұмысы уақытша тоқтатылды. Ыстық су үйлерге бүгін қайта беріле бастайды.

Энергетикалық станциялар мен желілерді пайдаланудың техникалық қағида регламентіне сәйкес күрделі жөндеу жүргізілген жабдық 48 сағат ішінде жүктеме сынағынан өткізіледі. Жабдық 72 сағат ішінде қалыпты жүктемемен үздіксіз жұмыс істеген жағдайда кешенді сынақтан өтті деп есептеледі, – дейді Риддер әкімі Дәулет Батырбаев.

Следующая →