ШҚО онкологтары тұрғындарды тегін қабылдайды
ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында ашық есік күні өтеді
Ашық есік күні сүт безі қатерлі ісігінің алдын алуға арналған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Онкологтар 7 қазан күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында қабылдау жүргізеді.
Бұл күні сіз Орталықтың онколог-маммолог дәрігерлерінен кеңес алып, тексеруден өте аласыз, - деп хабарлайды ШҚО денсаулық сақтау басқармасы. - Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болса жеткілікті. Учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес.
Мекенжайы: ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы (Өскемен қ., Потанин көшесі, 6, 1-корпус, консультациялық-диагностикалық бөлімшесі (емхана)), +7 (7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45.