Өскемен
ясно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +29°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +32°
$
459.75
+1.77
494.14
+3.28
¥
63.35
+0.23
5.54
+0.28
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұландықтар еңбек ардагеріне құрмет көрсетті

Қарттар күні қарсаңында өскемендік тыл ардагері Иван Гагарин 89 жасқа толды

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық ұландықтар еңбек ардагеріне құрмет көрсетті
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Қос мерекеге орай "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскери оркестрмен құттықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Қарттар күніне орай "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы, подполковник Денис Ча және өңірлік қолбасшылықтың ардагерлер кеңесінің төрағасы полковник Айдар Оразбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гагаринді арнайы құттықтап барды. Мерейлі мереке қарсаңында тыл еңбеккері 89 жасты еңсеріпті. Осы орайда қарттың үй ауласында 5518 әскери бөлімінің әскери оркестрі бірнеше музыкалық шығармалар орындады. Әуезді оркестр әуенінің сүйемелінде ардагер Иван Федоровичке "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының атынан алғыс хат пен азық-түліктер табыс етілді. Шараны ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірген тыл еңбеккерінің қимылы әлі де ширақ. Ол бүгінге дейін өңірлік қолбасшылықтағы ардагерлер ұйымының қоғамдық жұмыстарына сондай-ақ жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге белсене қатысып келеді.

Еске салайық, еңбек жолын жеті жасында колхозда бұзау бағумен бастаған көнекөз көкөніс көшеттерін отырғызудан да қалыс қалмаған. 1954 жылы 1 қыркүйекте КСРО Қарулы күштері қатарына шақырылып, 33 жылға жуық табанды қызмет атқарады. 1992-1996 жылдар аралығында 6638 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы атанған. Майдангер саналы ғұмырында III дәрежелі "КСРО Қарулы Күштеріндегі Отанға қызметі үшін", "В.И. Лениннің 100 жылдығын мерекелеудегі жауынгерлік ерлігі үшін", "КСРО Қарулы Күштерінің ардагері" медальдарымен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Следующая →