Өскемендегі әскер қызметшілер қарттар үйіне барды
Әскери қызметшілер Солнечное кентіне барып қазыналы қарртардың көңілін көтеріп қайтты
Өскемен гарнизонының қызметшілері Қарттар күніне орай әлеуметтік орталық тұрғындарына концерт қойып, дастархан жайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазыналы қарияларымыздың мерекесі елімізде 1991 жылдың 1 қазанынан бері атап өтіледі.
"Қарты бар елдің - қазынасы бар" деген асыл сөзді халқымыз бекер айтпаса керек. Қай кезде де елінің тілеуін тілеп, жұртына қамқор болатын үлкендердің орны бөлек.
Қарттар күніне орай сап түзеген 27943 әскери бөлімі Солнечное кентіндегі әлеуметтік орталыққа барып, қазыналы қарияларды айтулы күнмен құттықтап қайтты.
Осы жерге біз үнемі көмек жасап отырамыз. Қарттар күніне орай да арнайы барып, қарияларымызды құттықтадық. Осындай шаралар арқылы егде жастағы адамдар қоғамға қажет екенін сезінеді. Жыл сайын оларға көңілді концерттік бағдарлама ұсынып, дастархан жаюды дәстүрге айналдырғанбыз, - деді әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Гүлім Ахмедханқызы.