ШҚО білім беру саласының 50 қызметкері сотталды
Соңғы төрт жылда мектептегі қаржы жымқыру бойынша 51 қылмыстық іс анықталған
Ендігі кезекте облыстағы денсаулық сақтау саласында да тексерістер жүргізілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Бұл туралы ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакенов мәлімдеді.
Департамент соңғы 4 жылда сотқа жолдаумен білім беру саласына қатысты 51 қылмыстық істі аяқтады. Нәтижесінде бұл саласының 50 қызметкері сотталды, анықталған залал 277 млн теңгеден асты, бұл ретте 42%-дан астамы өтелді.
Осыған байланысты, ағымдағы жылы департамент білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Оның барысында көптеген бұзушылықтар мен бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Мысалы, бюджеттік өтінімді жасанды түрде асыра бағалау. Өскемен қаласының коммуналдық мекемелерінің бірінде "Қосымша білім беру педагогы" мамандығы бойынша 7 бос орынға 2023 жылға арналған бюджеттік қаражатқа сұраныста 11 жылдан 29 жылға дейінгі жұмыс өтілі негізсіз көрсетілген, нәтижесінде бюджеттің жалпы сомасын 16,2 миллион теңгеге ұлғайтылған. Осылайша, қажетсіз сұралған қаражатты жымқыру түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындады, - деді Денис Шакенов. - Келесі бюджетті қалыптастырудағы бақылаудың жоқтығы. Күршім ауданының 7 мектебінде тарифтеу және бюджеттік өтінімдер болмады. Яғни, ақшалай қаражат өткен жылдардағы өтінімдер негізінде бөлінген.
Тағы бір сыбайлас жемқорлық тәуекелі, бюджеттік өтінімдерді қағаз жүзінде рәсімдеу. Өскемен қаласы мектептерінің бірінде математика пәні мұғаліміне белгіленген 35% орнына жалақыдан 3500% қосымша төлем көрсетілген. Нәтижесінде тек бір мұғалім бойынша ғана еңбекақы төлеу қоры 104,7 млн теңгеге негізсіз көтерілген.
Сондай-ақ, Риддер қаласындағы орта мектептердің бірінде директордың және бас бухгалтердің жақын туыстарына 9,6 млн теңге жалақы түрінде негізсіз аударылған.
Бұдан басқа, талдау барысында 620 млн теңгеден астам сомада ауылдық үстеме ақы негізсіз белгіленгендігі анықталды. Яғни, 2019-2023 жылдар аралығында Өскемен қаласының 4 жалпы білім беретін мектебінде ай сайын барлық мектеп қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына 25% мөлшерінде ауылдық үстеме ақылар негізсіз есептелген.
Бейінді емес мамандарға қосымша ставкалар үшін жалақы есептеу фактілері, сондай-ақ лауазымдық міндеттердің нақты орындалуына күмән келтіретін еңбек қызметін қашықтықтан жүзеге асыру нысаны анықталды.
Мәселен, Өскемен қаласы мектептерінің бірінің бухгалтеріне 0,5 бухгалтер ставкасынан басқа зертханашы лауазымына қосымша жалақы 0,5 ставка есептелген. Айта кету керек, бухгалтер қашықтан жұмыс істеген және іс жүзінде мектепке келмеген, - деді департамент басшысы. - Сонымен қатар, аталған бухгалтер ЖШС-де және қаланың 3 мектебінде қатар жұмыс істеген, бұл оның қызметтік міндеттерін тиісінше орындағанына күмән келтіреді.
Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша облыстың ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторларын тарта отырып тексерулер жүргізілуде, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.
Бүгінгі таңда департамент денсаулық сақтау саласында талдау жүргізуде.
Осыған байланысты облыс азаматтары денсаулық сақтау саласындағы проблемалар бойынша департаментке ақпарат, шағымдар мен ұсыныстар жібере алады.