Колумбиялық цирк әртісіне Қазақстанда айыппұл салынды
Қостанайдың әкімшілік соты Колумбияның төрт азаматын көші-қон заңнамасын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартты
Фото:
media1.fdncms.com/
Облыстық соттың баспасөз қызметі 23 жасар азаматтар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғанын хабарлауда.
«Колумбия азаматтары цирк әртістері болып қызмет атқруда. Ал өз құжаттарының дұрыс рәсімделуін келісім жасасқан цирк әкімшілігіне тапсырған», - делінген ақпаратта.
Енді цирк әртістеріне жалпы сомасы 30 мың теңге көлеміндегі айыппұл төлеуге тура келеді.