Ертең Славский көшесіндегі көпқабатты үйге өрт сөндірушілер келеді
Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен өрт сөндіру тактикасын пысықтамақ
![Усть-Каменогорск и ВКО / Ертең Славский көшесіндегі көпқабатты үйге өрт сөндірушілер келеді Усть-Каменогорск и ВКО / Ертең Славский көшесіндегі көпқабатты үйге өрт сөндірушілер келеді](/upload/iblock/e1c/p1q35ft1ygc7s6s9u8og1ahere1wbsvf/imgonline_com_ua_Resize_7U3MzahPuf.jpg)
Фото:
ШҚО ТЖД
Өрт-тактикалық жұмыстар сағат 11.00-де басталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
Өскемен қаласында 2023 жылғы 21 қыркүйекте Славский атындағы жағалау, 50 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтеді, - делінген хабарламада. - ШҚО ТЖД өрт сөндіруші-құтқарушылары адамдарды құтқару және эвакуациялауға арналған арнайы техниканы қолдану арқылы биік қабатты үйлердегі өрттерді сөндіру тактикасын пысықтайтын болады.