Өскемен
Қалың бұлтты
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Семей
  • Алматы
    +14°
  • Риддер
    +8°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Ақтау
    +8°
  • Атырау
    +13°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
  • Қызылорда
    +13°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    -1°
  • Тараз
    +14°
  • Түркістан
    +20°
  • Орал
    +8°
  • Шымкент
    +14°
$
481.54
-0.99
553.24
-2.20
¥
69.69
-0.14
5.93
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алтай ауданының тұрғынынан бірнеше атыс қаруы табылды

Оның бұл қару-жарақтарды өзінде сақтауға заңды рұқсаты болмаған

Усть-Каменогорск и ВКО / Алтай ауданының тұрғынынан бірнеше атыс қаруы табылды
Фото:
ШҚО ПД

Қару иесі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.

Бұл факті Шығыс Қазақстан облысы құқық қорғау органдарының “Қару” жедел-профилактикалық іс шарасын жүргізу барысында анықталған.

Жеке учаскені шұғыл тінту кезінде полицейлер: 5, 6 мм калибрлі ТОЗ -16 үлгісіндегі бір зарядты аңшылық карабин, 20 калибрлі БМ үлгісіндегі қос ұңғылы шүріппелі аңшылық тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі ИЖ-18-Е үлгісіндегі бір ұңғылы, аңшылық тегіс ұңғылы мылтық, бір ұңғылы 16 калибрлі ЗҚ шүріппелі аңшылық тегіс ұңғылы шолақ мылтық, сондай-ақ әр түрлі калибрлі 238 патрон тәркіленді, - деп хабарлады ШҚО ПД.

Осы факті бойынша 50 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-ның 287-бабы 3-бөлігімен (атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған бап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО ПД "Қару" ЖПШ Заңсыз атыс қару тәркіленді