Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да сирена гуілі естілетін болады

Дүйсенбі күні азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарланған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да сирена гуілі естілетін болады
Фото:
ШҚО ТЖД

11 қыркүйекте "Жер-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде сағат 12.30-ден 13.30-ге дейін кестеге сәйкес азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр сиреналарын қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ радиоарналарының эфиріне қосылу, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді.

"Баршаның назарына!" дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы. Егер Сіз сиренаның дыбысын естіген болсаңыз, 104,0 жиілікте "Қазақ радио" радиосын (ұялы телефон арқылы алуға болады) дереу қосу керек. Сигналды үйде естіген кезде ШҚО ТЖД әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларды, "Дармен" қосымшасындағы хабарламаларды және "112" қызметінің SMS хабарламасын қадағалау қажет, - деп ескертеді мамандар. - Барлық ересектер өздері үйреніп, балаларға сиреналардың дыбысы "Баршаның назарына" сигналы екенін түсіндіруі керек. Оны естігенде қорқудың қажеті жоқ, бірақ оның себебін түсіндіруді күту керек.

ШҚО ТЖД сиреналардың қосылуына түсіністікпен қарауды сұрайды және берілген ұсыныстарға сүйене отырып әрекет ету қажеттігін жадыңызда тұтыңыз.

Следующая →