Сенбі күні Өскеменде Тарбағатайдың жәрмеңкесі өтеді

Сенбі күні облыс орталығында Тарбағатай ауданының мәдени күні өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Сенбі күні Өскеменде Тарбағатайдың жәрмеңкесі өтеді
Фото:
Устинка LIVE

Бұл күні өскемендіктер мен қала қонақтары ауданның ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне барып, аудан өнерпаздарының концертін тамашалай алады, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Сенбі күні әдеттегідей “FreshMarket” сауда-логистикалық орталығында 9.00-12.00 аралығында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлады Өскемен қалалық әкімдігі. - Қала қонақтары мен тұрғындары ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік, ет пен балықты төмен бағада ала алады.

Ал 15.00-де Достық үйінде (бұрынғы ДКМ) ауданның шығармашылық топтары қатысуымен гала-концерт өтеді.

Следующая →