ШҚО-да қолдан жасалған он мың бөтелке ішімдік тәркіленді
Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан азамат пен оның сыбайластарының бас бостандығы шектелді
Жалпы жыл басынан бері өңірде суррогатты алкоголь өнімдерін құйып шығаратын екі цехтің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы ақпаратына сүйеніп.
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен экономикалық тергеу Департаментінің көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету бойынша жүргізген жұмысы шеңберінде алкогольді өнімдерді жасап шығаратын жасырын цех ұйымдастырған тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылды.
Жүргізілген тінту нәтижесінде қолдан жасалған алкогольді дайындайтын құрал-жабдықтар мен ыдыстар, сондай-ақ, 4 000 дана есепке алу-бақылау маркалары және әртүрлі атаулары бар 10 000 бөтелке алкогольді өнім табылып тәркіленді, - делінген хабарламада.
Өскемен қалалық №2 сотының үкімімен қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркарларды пайдаланғаны, заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін ұйымдастырушы және оның сыбайластары бас бостандығынан шектеуге сотталды, алынған контрафактілік өнім жойылды (үкім заңды күшіне енді).
Айта кету керек, жылдың басынан бері суррогатты алкоголь өнімдерін құйып шығаратын екі бірдей цехтің қызметі тоқтатылды.