Өскемен
пасмурно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +31°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
475.39
+2.82
513.37
+5.03
¥
65.39
+0.42
5.4
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендіктер қос мерекені тойлап жатыр

ҚР Конституциясы күніне және қала күніне арналған түрлі мерекелік шаралар Өскеменнің орталық алаңында өтіп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендіктер қос мерекені тойлап жатыр
Фото:
В. Иванов

Еліміздің Конституция күні қала күнімен тұспа-тұс келеді, сондықтан өскемендіктер мен облыс орталығының қонақтары 30 тамызды асыға күтеді.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев өңір тұрғындарын мерекемен құттықтап, 28 жыл бұрын біздің көпұлтты еліміздің 90%-дан астам азаматтары адам және оның құқықтарын ең басты құндылық деп, Қазақстан халқын биліктің жалғыз көзі деп жариялаған Заңды қолдап, бүкілхалықтық референдумға қатысқанын еске салды.

Ата заң Тәуелсіз Қазақстанның берік құқықтық негізі. Заң үстіндегі әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік арқылы ғана әділ мемлекет қалыптасып, адал азаматтар ел үшін қызмет ететін болады. Ата Заңызымыз алдағы уақытта да мемлекетіміздің саяси және экономикалық табысты дамуының айнымас кепілі болары сөзсіз. Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен іске, жаңа жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.

Таңертеңнен орталық алаңда қарбыз фестивалі, бал жәрмеңкесі, "Шығыс дәмі" гастрономиялық фестивалі өтуде, қолөнершілер өз өнімдерін саудаға шығарып, сауда-саттық қызу жүріп жатыр. Мұның барлығы өңірдің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтіп жатқан салтанатты концертпен сүйемелденуде.

Сондай-ақ, ең ұзын "Капрезе" тағамын дайындау жоспарлануда. Жүз метрлік салат авторлары Қазақстанның рекордтар кітабына енуді көздеп отыр.

Кешке қала тұрғындарын қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама күтуде.

Фото:
В. Иванов
Следующая →