Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жаңа екі аудан құрылуда

ШҚО-да кейбір аудандарды бөлу және оларды 1997 жылғы аумақтық шекараларға қайтару жөніндегі облыстық жоспар бекітілді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жаңа екі аудан құрылуда
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Маусым айында Ұлттық құрылтай отырысында аудандарды қалпына келтіру туралы шешімді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Бүгін облыстық мәслихат депутаттары ШҚО құрамында әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылы болатын Үлкен Нарын ауданын құруға және жаңа ауданды Катонқарағай ауданының құрамынан бөлуге, сондай-ақ, әкімшілік орталығы Марқакөл ауылы болатын Марқакөл ауданын құру және бұл ауданды Күршім ауданының құрамынан бөлуге дауыс берді.

Сондай-ақ, Катонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылынан Катонқарағай ауылына көшіріледі.

Жаңа аудандарды құрудың арқасында біз мемлекеттік басқаруды оңтайландыруға қол жеткізе аламыз. Аудан орталығына дейінгі қашықтықтың қысқаруына байланысты қызметтерге ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Жергілікті мәселелерді шешуде аудандардың дербестігін арттырамыз, нәтижесінде халықтың өмір сүру сапасы жақсарады. Жаңа жұмыс орындарын ашамыз, Халықтың көші – қон процестерінің төмендеуіне қол жеткіземіз, - деп түсіндірді Күршім және Катонқарағай аудандарының әкімдіктерінде.

Депутаттардың дауыс беруінен кейін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев жаңадан құрылып жатқан аудандарды дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Жаңадан құрылған аудандарды штаттық бірліктермен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажет. Сұрақ өте маңызды. Өйткені біз қосымша бірліктерді сұраған жоқпыз, бірақ аудандардағы штат толық болуы керек. Халықтың аздығына қарамастан, аудандар шекарада орналасқан. Ал бізде Президенттің шекара маңындағы аудандарды дамыту жөніндегі тапсырмасы бар. Сондықтан оларды тиісті мүмкіндіктермен қамтамасыз ету қажет, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ, ШҚО әкімінің орынбасарлары жаңа аудандарда мемлекеттік органдарды орналастыру үшін ғимараттарды жөндеу мәселесін пысықтап, басқа өңірлерден тартылатын мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуі тиіс.

Бұдан бөлек, жаңадан құрылған аудандарда медициналық ұйымдар аудандық деңгейге ауыстырылады, олар барлық қажетті жабдықтармен және кадрлармен қамтамасыз етіледі.

Жаңа аудандарда және олар бөлініп шыққан екі ауданда перспективалы бағыттар, бүкіл облыстың экономикасына оң әсер етуі мүмкін салалар бар. Катонқарағай ауданында етті мал шаруашылығын, марал шаруашылығын, ара шаруашылығын, табынды жылқы шаруашылығын, Үлкен Нарын ауданында қымыз өндіру мен көкөніс өсіруді, Марқакөл ауданында мыс өндіру мен бақша дақылдарын өсіруді, ал Күршім ауданында балық өсіру мен тау-кен өнеркәсібімен айналысуды дамыту жоспарлануда. Бұл ретте аудандардың әрқайсысының сауықтыру, ауылдық, мәдени және экологиялық туризмді дамытуда әлеуеттері бар.

Следующая →