Өскемен гарнизонының әскерилері Абай облысына аттанды
Өскемен гарнизонына қарасты 27943 әскери бөлімінің бірнеше бөлімшесінің жеке құрамы мен арнайы техникалары "Шығыс-2023" ауқымды оқу-жаттығуына кетті
Оқу-жаттығуға 27943 әскри болімінен 300 -ден астам әскери қызметші, 50-ге жуық техника қатысады, деп хабарлайды Устинка LIVE Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Жаттығу жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында Семей қаласының маңында орналасқан "Шығыс" әскери полигонында өтетін "Шығыс-2023" жедел-тактикалық командалық оқу-жаттығуына Өскемен гарнизонының мотоатқыштар құрамаларының жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, темір жол торабы арқылы аттанды, - делінген хабарламада.
Бірнеше кезеңнен тұратын оқу-жаттығуда Өскемендік әскерилер шынайы ұрыс түріне жақындатылған арнайы тапсырмаларды орындап, БМП-2, арнайы техникамен және тағы басқа қару-жарақтардан атыс жаттығуларын орындайтын болады.