Өскеменде бүгін жарылыс жұмыстары жүргізіледі
24-тұрғын ауданда жүргізілетін жарылыс дүмпулері жақын маңдағы тұрғындарға да естілуі мүмкін
Осыған байланысты Өскемен қаласы әкімдігі халықтан тыныштық сақтауды сұрайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"KazExplo Service" ЖШС ақпараты бойынша 2023 жылғы 29 тамызда сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін Өскемен қаласының 24 тұрғын ауданының бас жоспары мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу жұмыстары бойынша жарылыс жүргізіледі.