Өскемен тұрғыны түнде есік алдында мылтықтан оқ атқан
Есенберлин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің алдында аңшылық мылтықтан оқ жаудырған азамат көршілерінің зәресін ұшырды
Артынан оның мас болғаны анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Оқиға кеше, 28 тамыз күні, кешкі 20.45 шамасында ЖМК ауданындағы Есенберлин көшесінде орын алды.
47 жастағы алкогольге мас ер адам тіркелген аңшылық мылтықтан бірнеше рет оқ атқан, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Ер адамды тәртіп сақшылары ұстады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 293-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.