Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағайлықтар Оралхан Бөкейдің мерейтойын абыроймен атқарды

Биыл Катонқарағай ауданы Ұлы Отан соғысының ардагері Бошай Кітапбаевтың 100 жылдық және жазушы, драматург, артына өнерімен өшпес із қалдырған Оралхан Бөкейдің 80 жылдығын атап өтуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Катонқарағайлықтар Оралхан Бөкейдің мерейтойын абыроймен атқарды
Фото:
А. Утеулинованікі

Бұл күні өр Алтайдың төріне алыс-жақын ауданнан, қала берді республиканың түкпір-түкпірінен жиналғандар көп болды. Біртуар азаматтардың рухына арнап ас беріліп, аламан бәйге ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мерейтой “Ауылдық аумақтарды дамыту қорының” және ауданның кәсіпкелерінің қолдауымен өтті.

Астанада Оралхан Бөкейдің атына көше беріледі

Катонқарағай ауылының орталығында орналасқан сквер жазушының мерейтойына орай арнайы жаңартылып, әрленген. Жиналғандар өр Алтайдың етегінде тұрған Оралхан Бөкейдің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жерлестерін еске алды.

imgonline-com-ua-Resize-ya1BGizA9L.jpg

Әкімі ақын-жазушысын ардақтаған ел озар. Халқының біртуар перзенті Орекеңнің аруағын сыйлап осындай шараны ұйымдастырып отырған аудан басшылығына қаламгерлер мен ардагерлер атынан алғыс айтамын, - дейді Қазақстан жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Қызыр. - Қамшының сабындай қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінің классикалық үлгісі қатарына жататын небір жауһар шығармалар қалдырып кеткен Оралхан Бөкейдің есімі Алаш жұрты қастер тұтар киелі есімге айналды. Замандасы Әбіш Кекілбаевтың сөзімен айтсақ, "Ол 20-шы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымдылыққа ие болды". Оралхан аз ғана ғұмырында өзін де, елін де, әдбиетін де асқаралы биікке шығарып үлгерді.

Катонқарағай ауданынан Оралхан Бөкей, Қалиқан Ысқақ, Әлібек Асқаров, Дидахмет Әшімханов сынды мықты жазушылар көп шықты. Бірақ Катонқарағайды респбулика көлеміне, бүкіл әлемге танытқан осы Оралхан Бөкей. Аудан халқының рухын көтеретін үлкен шарада сөз сөйлеген жазушының туған қарындасы Ғалия Бөкей ақжолтай жаңалықпен бөлісті. Айтуынша, ел ордасы Астана қаласының сол жағалауындағы көшелердің біріне Оралхан Бөкейдің есімі берілмек.

imgonline-com-ua-Resize-eVLRtLaLSm45a4D.jpg

Одан өзге, жазушының туған жерінен бастау алған мереке Астана мен Алматы қаласында да жалғасын таппақ.

Катонқарағай дегенде ең алдымен Оралхан Бөкей еске түсері анық. Сондықтан да оның мерейтойын абыроймен атқару бізге аманат, - дейді Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының басшысы Серік Жүнісов. - Аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған аудандық, республикалық және халықаралық деңгейдегі кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Мәселен, 15 қыркүйекте Астана қаласындағы Ұлттық мұражайда "Өз отыңды өшірме" дөңгелек үстел отырысы өтеді. Қала тұрғындары "Жастар" театрында "Қар қызы" спектаклін тамашалай алады. Бұл күні Хазірет Сұлтан мешітінде Оралхан Бөкейдің рухына арнап ас беріледі. Мерейтойлық шаралар 28, 29, 30 қыркүйек күндері Алматы қаласында жалғасын табады. 28 қыркүйекке ҚР Жазушылар одағының конференциясы, ас беру жоспарланған. 29 қыркүйек Республика сарайында аламан айтыс өтсе, 30 қыркүйек күні Оралхан оқулары қорытынды шарасы өтеді.

imgonline-com-ua-Resize-fvWz3M7BXxgeV98v.jpg


Жазушының Шыңғыстайдағы мұражай үйі қайта ашылды

Мерекелік шара Оралхан Бөкей туған Шыңғыстай ауылында жалғасын тапты.

Естеріңізге сала кетейік, Шыңғыстай ауылындағы Оралхан Бөкейдің үйі мұражай болып ертеректе ашылған. Алайда көпшілікке белгісіз себептерге байланысты 20 жылдай жабық тұрған. Үй жазушының қарындасы Ғалия Бөкейдің меншігінде еді. Биыл Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры оны 10 млн теңгеге сатып алып, мемлекет меншігіне берді.

Бұл үйде жазушының балалық шағы өткен. Қаламгердің көптеген туындылары осы жерде жазылған. Қара шаңырақтағы әр зат, әр бұйымда жазушының қолының табы қалған. Бүгінде жазушының өзі тұрған қара шаңырағы мемлекет қарамағына қайтарылып, мұражай үйге айналған. 80 жылдық мерейтойға орайластырылып мұражай қайта жөндеуден өтіп, ішіне Оралхан Бөкей өзі пайдаланған заттардың түпнұсқасы қойылды. Сондай-ақ, мұражай-үй алдына жазушының бюсті қойылды.

Айта кетейік, жиынға Оралхан Бөкейдің жиені Клара Нұржақыпқызы Мағзумова қатысып, жиналған қауымды қаламгердің мерейтойымен құттықтады. Катонқарағайда ашылып жатқан Оралхан Бөкейдің мұражай-үйіне Иранда арнайы тоқылған, қаламгердің портреті бейнеленген кілем сыйлады. Сонымен қатар, Оралханның жеке шапаны мен 1964 жылы түскен суретін табыстады. Сондай-ақ, бұл дүбірлі тойға көршілес Зайсан, Самар, Глубокое аудандарынан да қонақтар келіп, музей қорына өз сыйлықтарын тарту етіп жатты.

imgonline-com-ua-Resize-xxBd0sLLYWVAf5.jpg

Оралханның өмірден өткеніне 30 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында Катонқарағай ауданында қанша әкім ауысты. Оралханның өзі тұрғын Шыңғыстайдағы музей-үйін мемлекет қарамағына алу мәселесі осы уақытқа дейін шешілмей келген еді. Биыл мәселе шешімін тапты, Ділдар Қалиқанұлының бастамасымен облыстық мәдениет мұрасына қосылады, - дейді Ғалия Бөкей. - Оралхан Бөкей соңғы шығармаларының барлығын осы үйде жазды. Мәселен, Алматыдағы Жазушылар үйінде басталған ең сүбелі шығармаларының бірі "Атау кере" романы осы жерде аяқталды. Шоқтығы биік "Кербұғысы" да қара шаңырағында жазылған. Сондықтан да бұл біздің әулет үшін ғана емес, бүкіл қазақ үшін киелі шаңырақ.

Аудан әкімі Ділдар Қалиханның айтуынша, жылдың аяғына дейін мұражай-үй аудан әкімдігі балансында тұрады. Келесі 2024 жылдан бастап құжаттық рәсімдері аяқталғаннан кейін, облыс балансына өтетін болады.

Айта кетейік, Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай арнайы "Шолпандай таң алдына туып-батты" атты жаңа кітап жарық көрді. Кітап авторы - Қайырды Назырбаев.

Мен Оралханның жанында көп жүріп, көп араласқан жерлестерінің бірімін. 80 жылдық мерейтойына орай осындай естелік кітап жазуды жөн көрдім. Жазушының 90 жылдық мерейтойына жетер-жетпесіміз белгісіз... Күш-қуатымыз бойымызда тұрғанда Орекең араласқан адамдардың естеліктерін жинақтадым. Орекең туралы әлі де талай жазылар, - дейді Қайырды Назырбаев.

Бір ай бұрын Шыңғыстай ауылында "Төр Алтай бояулары" атты республикалық пленэр-көрмесі ұйымдастырылған. Оған қатысқан 20-дан астам бейнелеу өнерінің шеберлері төр Алтайдың әсем табиғатын қағаз бетіне түсірді. Суретшілер Оралхан Шығармаларына негізделген 50-ден астам этюд салып, орындалған жұмыстарды О. Бөкей мұражайына сыйға тартты.

Мерейтойға жиналғандар музей-үйдің ауласына қойылған бұл суреттерді тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Бәйге жүлдесіне қос темір тұлпар тігілді

Шыңғыстайдағы шаралардан кейін жиналғанда қайта Катонқарағай ауылына бет бұрды. Мұнда жазушы Оралхан Бөкей мен Ұлы Отан соғысының ардагері Бошай Кітапбаевтың рухына құран бағышталып, ас берілді.

О. Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына арнайы төсбелгі жасалып, Оралханның достары, шәкірттері, ақын-жазушылар мен туыстарына, сондай-ақ мерейтойды атқаруға атсалысқан азаматтарға табысталды.

imgonline-com-ua-Resize-FPijIayi9AG9m8I.jpg

Ары қарай Катонқарағай ауылының атшабарында республикалық бәйге ұйымдастырылды. Ауыл шетіндегі атшабар маңында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, алтыбақан, сахна құрылған.

Бәйгеден бөлек, жиналғандар арасында қол күресі, гір көтеру, қой көтеру, аударыспақ сынды спорт сайыстары да ұйымдастырылды.

imgonline-com-ua-Resize-hGU3xST73RDL0npy.jpg

Аламанның бас жүлдесі - автокөлік Бошай Кітапбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай тігілсе, кіші аламан топ бәйгенің жүлдесі - автокөлік О. Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай тігілді. Сондай-ақ, топ бәйге мен жорға жарысы да өтті.

Алғашқы он шақырымдық бәйгеде жүлделі үш орын да Көкпекті ауданының сәйгүліктеріне бұйырды. Ал 25 шақырымдық аламанда мәре сызығын Алматының тұлпары бірінші болып кесіп, иесі су жаңа автокөліктің кілтін еншіледі. Екінші көлік Абай облысының шабандозына бұйырды.

imgonline-com-ua-Resize-42A64EM5F0h.jpg

9 жасымнан бері бәйгеге қатысамын. Бұл менің 12-ші автокөлігім. Бапкерім – Мұрат Ақпаев. Барлығын бапкерімнің айтуы бойынша жасап, Алланың қалауымен бірінші келдім, - дейді Жамбыл ауданынан келген "Тайвань" деген жүйріктің шабандозы Абзал Қайсарбекұлы.

Мерейтойлық шара аудан өнерпаздар мен "Ертіс концерт" әртістерінің қатысуымен өткен гала концертпен тәмамдалды.

Фото:
А. Мұқтанова
Следующая →