Сарыбел ауылындағы ескі мектеп оқушыларға қауіпті
Ауылдағы ескі мектеп 30 жылдан бері иесіз қаңырап жатыр
Ауыл балалары осы қауіпті ғимаратта жиі жиналатын көрінеді, деп хабарлады Устинка LIVE samar_news16 ақпаратына сүйеніп.
Оның үстіне ескі ғимарат жаңа мектеп жанында тұр. Ауыл тұрғындары жергілікті әкімдіктен қабырғасы қаусап тұрған бұл ескі мектепті бұзып тастауды талай сұраған.
Ақыры көптің тілегіне құлақ асқап прокуратура ғимаратты бұзу қажеттігі туралы шешім шығарған. Қазіргі таңда білім бөлімі ғимаратты бұзудың сметалық құжатын дайындау үстінде.
Самар ауданы прокуратурасының бастамасымен аудан әкімдігі және білім бөлімімен бірлескен 2023-2025 жылдарға арналған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Жол картасы мен жарақаттанудың алдын алудың кешенді жоспары барысында Сарыбел ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратының апаттығына қарау жүргізілді. 30 жылдан астам қызмет көрсетілмеген, шатыры, қабырғасы және қолданыстағы мектепке жақын орналасуына байланысты балаларға қауіп төндірген, – деп мәлімдеді Самар аудандық прокуратурасы.
2023 жылғы 13 маусымдағы техникалық қарау қорытындысы бойынша аталған ғимарат апатты және бұзуға жатады деп танылды.