Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінде таңға жуық өрт шықты
Өрттің шығуына ток көзіне қосулы қалған электр кептіргіш құрылғы себеп болған
Өрт сөндірушілер үйден 19 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
Өрт 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан үйдің пәтерлерінің бірінде таңғы сағат 4-те басталды. Бұл туралы" 101 " қызметіне сол үйдің тұрғыны хабарлады, - делінген хабарламада. - Өртті сөндіруге жеке құрамнан барлығы 35 адам және 10 техника жұмылдырылды.
Өрт сөндірушілер бесiншi қабаттағы пәтерде жиһаздар мен заттардың жанып жатканын анықталды. Бірінші кезекте мамандар түтін аймағынан 19 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 2 бала бар.
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, яғни көкөністер мен жемістерге арналған электр кептіргіш құрылғыны ток көзіне қосулы қалдыру себеп болуы мүмкін.