ШҚО-да жаз басталғалы 6 адам суға батып кеткен
Барлық жазатайым оқиғалар рұқсат етілмеген жағажайларда тіркелген
ШҚО ТЖД мамандары су айдындарында азаматтардың қаза болу фактілеріне талдау жүргізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, азаматтар суда жақсы жүзе алғанымен инфаркт, инсульт алып, естен тануы мүмкін.
Жаз бойы біз халыққа түбі зерттелмеген су айдындарында шомылу, кезекші құтқарушылар жоқ, күшті ағым өте қауіпті екенін ескертіп келеміз. Су айдындарындағы оқиғалардың алдын алу мақсатында біз 2900-ден астам рейд ұйымдастырдық, 15000-нан астам адамға нұсқау бердік. Шомылу маусымының соңына дейін апта сайын су бетінде патрульдеу болды, - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Алдын алудан басқа, полиция қызметкерлерімен бірлесіп патрульдеу жүргізу кезінде тәртіп бұзушыларға "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 364, 412, 582, 440-баптарына сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. 73 құқық бұзушы айыппұл төлесе, 37-сі ескерту алды.