Өскемен
пасмурно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +5°
$
511.22
540.05
¥
70.61
4.73
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік тәртіп сақшылары бір күнде 5 алаяқтық фактісін әшкереледі

Қазір Өскемен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтыққа жол бермеу мақсатында барлық банк бөлімшелерін аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендік тәртіп сақшылары бір күнде 5 алаяқтық фактісін әшкереледі
Фото:
Өскемен қалалық Полиция басқармасынан

Тәртіп сақшылары күнделікті сағат 09.00-ден сағат 18.00-ге дейін қала банктерінде болып, әр келушіге және банк қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Устинка LIVE Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Полиция қызметкерлері банк келушілерін белгісіз тұлғаларға өздерінің дербес деректерін, өз карталары мен шоттарының деректерін, смс-хабарламалардың кодын хабарламауға, күдікті тұлғаларға сенбеуге, олардан келіп түскен кез келген ақпараттың дұрыстығын тексеруге шақырды.

Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері бір күннің ішінде бес алаяқтық фактілерінің жолын кесті, - деп хабарлады Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі. - Мәселен, 35 жастағы қала тұрғынына алаяқ телефон шалып, "Сіз Айфон-14 ұялы телефонын ұтып алдыңыз, басқа қаладан жеткізіп беру үшін 50 000 теңге төлеуіңіз керек" деген. Ал кейбіріне алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, "Сіздің шотыңыздан әлдекім банктің мобильді қосымшасы арқылы өз шотына ақша аударымын жасамақшы, қаржыны сақтап қалу үшін ақшаны басқа картаға аудару қажет" деп хабарласқан.

Тағы бір осыған ұқсас факт: қала тұрғынына қоңырау шалған белгісіз тұлға өзін "Халық банк" менеджері деп таныстырған.

Ол "Сіздің жеке бас деректеріңіз біздің қолымызда несие рәсімдепсіз, соны алып кетіңіз" деді. Алайда мен ешкімге өзім туралы ешқандай мәлімет бермегенім есіме түсіп, ары қарай жауап берместен банкке келдім. Банкте мен сияқты алаяқтың арбауына түсіп қала жаздаған адамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрған полиция қызметкерін кездестірдім. Болған жайтты оған айтып бергеннен кейін өзімнің алаяқтың құрбаны бола жаздағанымды түсіндім, - деді зейнеткер апа.

Следующая →