Өскеменде Бағдат Шаяхметовке арналған мемориалдық тақта ашылды
Бүгін жерлесіміз, еңбек сіңірген металлург, ҚР Еңбек ері Бағдат Шаяхметовті еске алу күні
![Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде Бағдат Шаяхметовке арналған мемориалдық тақта ашылды Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде Бағдат Шаяхметовке арналған мемориалдық тақта ашылды](/upload/iblock/3b6/pze4jbbh1bmr5s07710slkzk4mkvlofq/imgonline_com_ua_Resize_34UebzHHJnPf4.jpg)
Осыған орай ол тұрған үйде мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Ашылу салтанатына ШҚО әкімі Ермек Көшербаев қатысты.
Бағдат Мұхаметұлы Өскемен титан-магний комбинатында жарты ғасырға жуық уақыт жұмыс істеді, өз еңбек жолын ол қарапайым жұмысшыдан бірінші басшыға дейін жүріп өтті, - деп атап өтті Ермек Беделбайұлы. - Бүгінгі таңда бұл кәсіпорын әлемге әйгілі. Комбинат ардагерлерінің бастамасы қолдау тауып, Жаңа Согра кентінің орталық көшесі қазір Өскемен қаласының Құрметті азаматы Бағдат Шаяхметовтің есімімен аталады.