Көкпектіде мас күйінде көлік жүргізген жасөсіпірм ұсталды
Абай облысында GTA стиліндегі қуғын бейнежазбаға түсіп қалды
Заң бұзған кәмелетке толмаған азамат тәртіп сақшыларынан 20 минут бойы қашқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облыстық ПД ақпаратына сүйеніп.
Полицейлер ВАЗ жүргізушісінен тоқтауды талап еткен. Алайда жас жігіт жылдамдықты арттырып, жасырынуға тырысқан. Полиция қызметкерлері 20 минут бойы көліктің артынан қууға мәжбүр болған. Инспекторлар қызметтік УАЗ-бен жолды жауып, көлікті тоқтата алды, - делінген хабарламада.
Тізгінде 17 жасар жасөспірім мас күйінде болған.
Жасөспірім ҚР ӘҚБтК-ның 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол үшін ата-анасы да жауапкершіліктен босатылмайды.