Өскемен
облачно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +9°
$
488.26
-0.19
530.54
+1.35
¥
68.59
5.03
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да бастауыш сыныптарды тегін тамақтандыруға 1,7 млрд теңге бөлінді

Жаңа оқу жылында облыстағы барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанатын болады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да бастауыш сыныптарды тегін тамақтандыруға 1,7 млрд теңге бөлінді
Фото:
Устинка LIVE

Ол үшін 1,7 млрд теңге қаржы көзделген. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері талқыланған жиында белгілі болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышеваның айтуынша, облыста 98 мыңнан астам оқушы бар. Қазір 11 мектептің құрылысы жүргізілуде. 77 мектепке күрделі және ағымдағы жөндеу, 39 мектепте жылыту жүйесін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыста 10 896 ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушы тұрады.

Байқасам, өзге облыстардан келген мердігерлердің жұмыстарына қатысты сын көп. Біздің облыста да бұл жұмысты ойдағыдай атқара алатын компаниялар жеткілікті. Өскемендегі адаптация орталығын басқа ғимаратқа көшіру керек. Бұл ғимарат жабдықталмағанын біліп отырмыз. Демек, осы мәселені кейінге қалдырмай, тездетіп шешуге тиіспіз, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Жиында облыс әкімі өңірдегі 390-нан астам мектептің барлығында судың бар-жоқтығын сұрады. Сондай-ақ, білім беру мекемелерін интернетпен қамту, асхана мәселесі сөз болды.

Жиын барысында 36 мектепте тамақтандыру қамтылмағаны, ал мектептерге тамақ сырттан әкелінетіні белгілі болды.

Спорт инвентарі, басқа да жабдықтармен қамтылуын тексеру шарт. Астанадағы қайғылы жағдайға байланысты әкімдерге мектептердегі ойын алаңдарын мұқият тексеріп, тоқсан сайын қадағалау қажеттігі ескертілді.

Басқарма басшысының ақпаратына сенсек, 120 мектептің қазандығы білім мекемесінің ішінде орналасқан, 31 мектепте тамақтандыру жоқ, мұны да тексеру керек. Риддердегі мәселені ерекше назарда ұстау қажет. Экономика басқармасы, білім басқармасы, қала басшылығы мен облыс әкімінің орынбасарына бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеу туралы тапсырма беремін, – деді облыс әкімі.

24 тамызда облыстық, 25 тамызда республикалық пленарлық отырыстар өтеді.

Следующая →