Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддерде Қызыл кітапқа енгізілген торжуаны сатып жүргендер ұсталды

Барлығы 5 мыңға жуық торжуа (черемша) теріліп, мемлекетке 7 млн теңге залал келтірілген

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддерде Қызыл кітапқа енгізілген торжуаны сатып жүргендер ұсталды
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Күдіктілер 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО Полиция департаменті ақпаратына сүйеніп.

Мамыр айының басында Риддер қаласын патрульдеу кезінде дүкендердің бірінің маңыда полиция қызметкерлері 1965 жылы туған әйел адамды тоқтатқан, оның қолындағы сөмкеден сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктерге жататын 976 дана ұсақ торжуа табылған. Сонымен қатар, 1976 жылы туылған тағы бір әйел адам мен 1975 жылы туған ер адамнан да 984 және 2063 дана ұсақ торжуа табылып, тәркіленді, - делінген ақпаратта. - Тергеу барысында үшеуі Глубокое ауданындағы Черемшанка ауылы маңында сирек кездесетін өсімдікті жинап, Риддер қаласына сату үшін әкелгені анықталды.

Заңсыз әрекеттен келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 7 000 000 теңгені құрады. Жауап алу кезінде әрқайсысы өз кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 339-бабымен 1, 2-бөлігі "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденетін болса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Следующая →