Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +24°
$
443.03
+1.24
480.38
+1.61
¥
61.19
+0.17
4.91
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі Карбышев көшесінен есірткі жеткізуші ұсталды

21 жастағы күдікті Алматыда бастаған ісін Өскеменде жалғастырмақ болған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі Карбышев көшесінен есірткі жеткізуші ұсталды
Фото:
Polisia.kz

Алайда ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің қолына түсіп қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Шілде айының ортасында облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШҚО ПД оқу-жаттығу взводының бөлімшесімен бірлесіп, Өскемен қаласы Карбышев көшесі бойындағы аулалардың бірінде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 21 жастағы есірткі қойып кетушіні ұстаған.

Ол бұрын Алматы қаласында тұрып, өзінің қылмыстық қызметін бастаған, содан кейін Өскеменге есірткі таратуды жалғастыру үшін келген, бірақ үлгермеген. Ұсталғалы тұрғанын көрген ол полицейлерден жасырынуға тырысқан. Өзінің қызметін интернет-дүкендердің бірінің көмегімен жүзеге асырып, үйлестірушінің нұсқауымен Өскемен жастары арасында одан әрі тарату үшін “қара тауар” алғаны белгілі болды, - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері жеке тінту кезінде ұсталған азаматтың іш киімінен көк түсті изолентамен оралған бума, оның ішінде ұнтақ және түйіршік түріндегі зат салынған 30 буманы және шалбарының сол қалтасынан бір темекі қорабын, оның ішінен жасыл изолентамен оралған ұнтақ және түйіршік түріндегі зат салынған бір буманы тәркіледі. Сонымен қатар, оқиға орнындағы подьездің кіреберісін тексеру барысында ішінде ұнтақ және түйіршік түріндегі заты бар 3 полимерлі бума салынған қара түсті барсетка табылып, тәркіленді.

Жүргізілген сараптама тәркіленген заттардың жалпы салмағы 25 грамнан асатын а-pvp есірткі заты екенін көрсетті. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша квалифицияланады, аталған баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Следующая →