Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +18°
$
443.72
+0.28
482.28
+1.77
¥
61.35
-0.01
4.9
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Омбы - Майқапшағай" тас жолында жолаушылар үшін барлық жағдай жасалмақ

Биыл "Омбы - Майқапшағай" а/ж асфальтбетон жабыны бойынша көлік жүргізіліп, 2024 жылы тас жолда қайта жаңарту жұмыстарының аяқталуы жоспарлануда

Усть-Каменогорск и ВКО / "Омбы - Майқапшағай" тас жолында жолаушылар үшін барлық жағдай жасалмақ
Фото:
Устинка LIVE

Қазақстан, Ресей Федерациясы мен ҚХР-ның экономикалық және туристік дамуына серпін беретін бұл трассаны халықаралық деп атауға толық негіз бар.

Шығыс Қазақстан облысы арқылы 231 шақырымы өтеді. 162,4 км-де жол-құрылыс жұмыстары аяқталған, жолдың төменгі қабатында рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығы 70 км/сағ аспайды.

"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ атап өткендей, бұл жолда жолаушылар үшін барлық жағдайлар жасалады. Мәселен, бес демалыс аймағы (әр 50 шақырым сайын) орнатылады, олар жылы дәретханалармен, шағын архитектуралық нысандармен (беседкалар, орындықтар, урналар, эстакадалар және т.б.) және туристер мен жүк көліктеріне арналған басқа да керек-жарақтармен жабдықталады. Құрылысшылар барлық жұмыстар мерзімінде аяқталатынына сендірді. Қазір нысанда 300-ден астам жол техникасы мен қажетті адам саны еңбек етуде. Пайдалануға берілгеннен кейін рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығы 110 км/сағ құрайды, ал болашақта жүк көліктері үшін ақы алуды енгізу жоспарлануда.

Мамандар атап өткендей, "Омбы - Майқапшағай" тас жолындағы жұмыстардың сапасын бірден 5 ұйым бақылауда ұстауда (Тапсырыс беруші, ұлттық сапа орталығы, бас мердігер, техникалық және авторлық қадағалау). Жол экономикалық әріптес елдерді байланыстыратын және Шығыс Қазақстанға келетін туристер санын едәуір арттыруға мүмкіндік беретін транзиттік дәлізге айналады.

Следующая →