Самар ауылындағы ойын алаңдары тозып тұр
Бұл туралы ауыл тұрғындары әлеуметтік желіде жазып, шағымдарын білдірген
Осыдан кейін аудан әкімі ауылда бар балалар ойын алаңдарын тексеріп шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ауыл ішіндегі балалар ойын алаңы тозып кетті. Енді олар қайда ойнайды? Бәрі қопарылып, сынып жатыр. Осыны жөндеп берсе жақсы болар еді. Ойын алаңының қоршауында құм да жоқ. Қирап, сынып жатқан жерлері бүрдіршіндеріміздің қолын кесіп кетуі әбіден мүмкін. Кешке қарай ересек балалар келіп отырады. Солар сындырады. Балаларға бұл жер қауіпті, – дейді видео авторы.
Бұған аудан әкімі де көз жеткізіп, қоластындағыларға дереу шара қабылдауды тапсырды.
Бүгінгі күні аудан орталығында балалар ойнауға арналған екі ғана алаң бар. Әрине, ол аудан орталығы үшін өте аз. Оның үстіне, зерттеу барысында бұл алаңдардың жағдайы сын көтермейтіні, қауіпсіздік және абаттандырылуы жағынан талаптарға сай емес екені анықталды, - деп жазды Самар ауданының әкімі Нұрлан Махамбетов. - Осыған байланысты орынбасарым мен ауылдық округ әкіміне бұл алаңдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау үшін сметалық құжат жасауға тапсырма бердім.
Сонымен бірге, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі аумағында спорттық алаң жабдықтаумен айналысып жатқан мердігермен жолығып, жұмыс барысымен танысты.