Өскемендік полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, отбасына қайтарды
Кеше облыс орталығында анасымен кикілжіңнен кейін 12 жастағы қыз үйінен шығып, қайта оралмаған
Өзі іздеп таппаған ана көмек сұрап полицияға жүгінген, деп хабарлайды Устинка LIVE.
23 шілдеде Өскемен қалалық ПБ ЖБО-ның "102" каналына түнгі сағат 22.00 шамасында кәмелетке толмаған қызын іздеуге көмек көрсетуді сұраған әйел хабарласқан. Оның айтуынша, 12 жастағы қызы арасында қыздың күнделікті шығындарына берген ақшасын жоғалтуына байланысты жанжал болған. Ренжіген қыз үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері дереу жоғалған жасөспірімді іздеуге кірісті. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы көшелер мен аулаларды мұқият аралап шықты.
Полиция қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 2 сағаттан кейін Өскемен қаласының Нефтебаза ауданынан кәмелетке толмаған бала табылды. Полицейлер табылған жасөспірімді ата-анасына аман-есен тапсырды, - деді Өскемен қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Орал Рыспаев.
Тәртіп сақшылары адам жоғалған жағдайда өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабарласуды ескертеді.