Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

1700 грамдық нәресте Тарбағатайдан Өскеменге тікұшақпен жеткізіледі

ШҚО әкімі Тарбағатай ауданына сапары барысында шала туған шақалақтың әкесімен жолықты

Усть-Каменогорск и ВКО /  1700 грамдық нәресте Тарбағатайдан Өскеменге тікұшақпен жеткізіледі
Фото:
pexels.com

Бірнеше сағат бұрын ғана дүние есігін ашқан нәрестені дәрігерлер Өскеменге жібермек, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Кішкентайдың әкесі Тілеубек Сағатбектің сөзінше, салмағы 1700 грамм болып туған шақалақ дәрігерлердің ұсынысы бойынша тиісті ем-дом алуы үшін тікұшақпен Өскемендегі Ана мен бала орталығына жеткізілмек.

Мерзімінен бұрын толғағы жетіп, жұбайым екінші баланы босанды. Дәрігерлерге мың алғыс, - деді Тілеубек Сағатбек.

Өз кезегінде облыс әкімі бөбек пен анасының жағдайы жақсы болуына тілеулестігін білдірді.

Бәрі жақсы болады. Тарбағатай балалары шымыр, алғыр келеді. Бұйырса, жұбайыңыз бен балаңызды құшағыңызға аларсыз, - деді Ермек Беделбайұлы.

Бұдан бөлек, облыс әкімі аудандық аурухананың техникалық базасы орнықты, бас дәрігері білікті маман екенін айтты.

Следующая →