ШҚО-да биыл малдың қыстап шығуы үшін жем-шөп жеткілікті
Энергетика министрлігі облыс шаруашылықтары үшін 8,5 мың тонна дизель отынын бөлді
ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы өңірдегі ауыл шаруашылығы жануарларын сапалы азықпен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін атады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыстың ауыл шаруашылығы жануарларын толыққанды азықпен қамтамасыз ету үшін 838,6 мың тонна шөп, 78,2 мың тонна пішен, 191,6 мың тонна сүрлем, 140,1 мың тонна құнарландырылған малазық және 81,4 мың тонна сабан қажет. Ол үшін өңірде 181 жемшөп жинайтын комбайн және өздігінен жүріп шөп шабатын машиналар, 2367 тіркеме шөп шабатын машиналар және 469 пресс-жинаушы бар, - деді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Диляра Жылқайдарова.
Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда облыс бойынша 23,1 мың тонна шөп дайындалғанын айтты.
Егін жинау науқанын өткізу үшін Энергетика министрлігі облыс шаруашылықтары үшін Павлодар МХЗ зауытынан бағасы 284 мың теңге болатын 8,5 мың тонна дизель отынын бөлді. Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін сақтаумен қуаттылығы 327,9 мың тонна 5 лицензияланған элеватор жұмыс істейді. Облыстағы элеваторлар, астық қабылдау пунктері және ауыл шаруашылығы құрылымдарының жеке қоймалары шамамен 1 млн тонна астық сақтауға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді спикер.