Қысқартылған қызметкерлерге төленетін жәрдемақы мерзімі ұзартылады
Денсаулықсақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы мерзімі ұлғаятын болады деп хабарлады
Фото:
kapital.kz
Кәсіпорындардағы қысқартуға байланысты жұмысынан айырылған қазақстандықтарға төленетін жәрдемақы мерзімінің көлемі 6 айға дейін ұзартылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты ҚР премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жұмыстан айырылған жағдайда жәрдемақы төлеу мерзімі төрт ай болатын. Бүгінгі біз Парламентке енгізген бұл заң бойынша кейбір өзгертулерді енгіздік. Яғни, қысқарту нәтижесінде жұмыстан шығып қалған жұмысшыларға жәрдемақы төлеу мерзімі алты айға шейін ұзартылды, - деп мәлімдеді Нұрымбетов халықты жұмыспен қамту бойынша заңнамаларға өзгерту енгізу туралы жоба қаралған Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым бойынша Сенат комитетінің кеңейтілген отырысында.
Вице-министрдің айтуынша, жұмыс беруші Әлеуметтік сақтандыру қорына 5пайыздық жарна аударатынын айтты. Ал жұмыскерлер сол жүйенің қатысушылары болып саналады.