Өскемен
облачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +25°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +25°
$
471.83
-3.35
505.66
-5.06
¥
64.89
-0.49
5.4
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 2025 жылға дейін 18 мектеп салынады

Биыл Өскемен қаласында және Тарбағатай ауданының Шеңгелді ауылында 2 мектеп ашылады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 2025 жылға дейін 18 мектеп салынады
Фото:
Устинка LIVE

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті отырысында облыс әкімі Ермек Көшербаев 2025 жылға дейін өңірде 7400 орындық 18 мектеп салу жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Зайсан қаласында 300 орындық мектеп құрылысын жалғастыру, Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектеп құрылысын бастау жоспарланған. Сонымен қатар, "Жайлы мектеп" жобасы бойынша 10 мектептің құрылысына "Samruk-Kazyna Construkction" тапсырыс беруші болып табылады, биыл 7 мектептің құрылысы басталады, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Сонымен қатар, 40 мектепке 1,2 млрд теңгеге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыру жалғасады. Тіл білімі мұғалімдерінің оқыту сапасын жақсарту жұмыстары ерекше бақылауда. Жазғы тақырыптық лагерьлерде және ана тілінде сөйлейтін отбасыларында тұрып, тілдік ортаға толық ену арқылы қазақ тілінің деңгейін арттыру жобасы сәтті басталды. Сондай-ақ, облыс азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шаралары да жалғасын таппақ. 19 мың оқушы тегін тамақ ішеді, оларға мектеп формасы, қысқы аяқ киім беріледі және қоғамдық көлікте тегін жол жүреді. 4,3 мың бала балабақшаларға тегін барады. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың 100%-ы жазғы демалыспен, сауықтырумен және жұмыспен қамтылған, - деді аймақ басшысы.

Спорттық инфрақұрылым да маңызды рөлді атқарады.

Ағымдағы жылы 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін (Таврия, Бозанбай, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен-Нарын ауылдарында) пайдалануға беру жоспарланған. Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, - деп қортындылады облыс басшысы.

Следующая →