ШҚО-да сәуірден бері 30 рет орман өрті шыққан
Демалыс аймақтарында жүргізілген рейд барысында өрт қауіпсіздік талаптарын бұзған 52 адам анықталған
Облыста өрттің қауіпті кезеңі сәуір айынан басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында 30 орман өрті тіркелген. Облыста дала өрттері тіркелген жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі күні 33 жану оқиғасы орын алып, 400 гектардан астам жерді өрт жалмады, - деді ШҚО ТЖД МӨББ бас маманы Анастасия Скляр.
Спикер облыс аумағында 3 республикалық және 13 коммуналдық мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері ормандарды қорғаумен айналысатынын атап өтті.
Өрттің қауіпті кезеңінде азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдар қатарынан 272 адамнан тұратын 46 бірлескен мобильді топ құрылды. Осы топтармен орманды дала аймақтарына жақын демалыс орындарында 804 рейдтік іс-шара өткізілді. Жүргізілген рейдтердің нәтижелері бойынша және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 52 адам анықталды, - деді ол.
Өңірде құрғақ әрі ыстық ауа райына байланысты өрт қаупі жоғары. Сол үшін ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелері жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде.