ӘМСҚ басшысы: "Барлық аймақтардағы мәселелердің 80%-ы бірдей"
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Сәбит Ахметов ШҚО медициналық қауымдастығымен проблемалық мәселелерді талқылады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы өңірлерге сапары барысында Шығыс Қазақстан облысында болып, медициналық қоғамдастықпен кездесіп, ағымдағы және жүйелі мәселелерді талқылап, олар бойынша қабылданатын шешімдермен бөлісті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сапар аясында Сәбит Ахметов Ұлан аудандық ауруханасына, амбулаториялық орталыққа, Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасына барды.
Кездесу барысында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина өңірдегі медициналық ұйымдардың қажетті жабдықтармен жақсы жарақтандырылғанын, мамандандырылған көмектің дамып, жоғары технологиялардың барлық түрлерінің қолданылатындығын, сонымен қатар, мамандарды үздіксіз оқытып, олардың біліктілігі арттырылатындығын атап өтті.
Біздің өңірімізде материалдық-техникалық жарақтандыру пайызы тіпті республикалық көрсеткіштерден сәл жоғары. Жұмыс істейтін адам бар, жұмыс бар, болашаққа деген сенім бар. Бірақ белгілі бір проблемалар да жоқ емес. Келгеніңізге және біздің бас дәрігерлерімізге туындаған мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік бергеніңізге рахмет, - деп атап өтті өз сөзінде.
Қор басшысының айтуынша, сапарларының нақты мақсаты – жер-жердегі жағдайды қарап, жүйені одан әрі дамыту үшін қандай тәсілдерді өзгерту қажет екенін түсіну. Қордың үш негізгі – жоспарлау, сатып алу және мониторинг департаментінің директорлары бірге келген.
Мен Қордың басшысы болып тағайындалғаныма небары 4 ай болды. Сондықтан медициналық ұйымдардың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін, ауылдан бастап ауданға дейін іс жүзінде қандай мәселелерге тап болып жатқанын өз көзіммен көргім келді. Барлық өңірлерде айтылған проблемалардың 80%-ы бірдей. Көбінесе жұртшылықты толғандыратын екі мәселе бар - сызықтық шкала және кредиторлық берешек, - деп атап өтіп Медициналық сақтандыру қорының басшысы.
Егер ақпан айында елімізде медициналық қызметтерді шектен тыс тұтыну көлемі 8,7 млрд теңгені құраса, мамырда ол шамамен 5 млрд теңгені құрады, маусым айының соңында оны айтарлықтай азайту жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 3-тоқсанының соңына қарай бұл мәселе күн тәртібінде мүлдем болмайды.
Бюджет қаржысы шексіз емес, біздің жоспарланған қаржыландырудан тыс қаражатты асыра орындауға және жұмсауға мүмкіндігіміз жоқ. Өткен жылы басқа айлардың ақшасын төлем айлары үшін аударып, содан кейін пайда болған жыртықты жамау мәжбүрлігі туындады. Осылайша, медициналық ұйымдар шарт негізінде туындайтын Қор талаптарына бейімделді. Жағдайға бейімделген көптеген медициналық ұйымдар берілген жолдамалардың негізділігін бақылауға кірісті. Бұл мәселеде де бізде ортақ түсінік бар деп санаймын, - деп атап өтті Қор басшысы.
Тағы бір мәселе - кредиторлық берешек. Бұл МӘМС жүйесі енгізілгенге дейін де медициналық ұйымдардың алдында тұрған ретроспективті мәселе. Бүгінгі таңда медициналық ұйымдардың берешегі 87 млрд теңгеден асады, оның 25 млрд теңгеге жуығы жыл сайынғы қордаланған қарыздар. Қалғаны биыл қалыптасқан қарыз. Себебі медицина қызметкерлерінің жыл сайынғы жалақысы 4 жыл ішінде 30%-ға ұлғады. Бұл жалақы қорына үлкен салмақ түсіреді. Кейбір медициналық ұйымдарда жалақы қоры шығындардың 90%-ын құрайды.
Біз барлық жеткізушілерге өз жоспарларын қайта қарауды және қарызын жабу үшін қаражатты зиянсыз алуға болатын резервтерді іздеуді ұсынамыз. Қор өз тарапынан МӘМС шеңберінде қосымша қажеттілікке шамамен 60 млрд теңге сома бөлу туралы шешім қабылдады. Жақын арада ақша филиалдарға жеткізіледі. Бірақ бұл проблеманы шешпейді. Сондықтан атқарушы органдардан медициналық ұйымдарды қолдауды және шығындардың бір бөлігін өз мойындарына алуды сұраймыз. Менің ойымша, ортақ күшпен біз шешімді табамыз, - деп айтты Сәбит Ахметов.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының ьасшысы Гүлмира Сағидуллинаның айтуынша, басқарма жоспарында бюджет қаражатын тиімді пайдалану және қызметтерді дамыту мақсатында ауруханаларды оңтайландыру және қайта ұйымдастыру жолға қойылған. Қор өз кезегінде төлем әдістерін жетілдіру бойынша жұмыс істейді. Бүгінгі күні бекітілген халық шеңберінде жан басына шаққандағы кешенді норматив, көрсетілген қызметтер фактісі бойынша, клиникалық-шығынды топтар негізінде төлем қолданылады.
Жақын арада осы процеске ынталандырушы құрамдас бөлікті енгізуді жоспарлануда - қарастырылған жағдайларда қол жеткізуге кепілдік беретін қаржыландырудың базалық ауқымын анықтау және индикативті қаржыландыру жүйесін құру. Атап айтқанда, ынталандырушыларға айыппұл санкцияларын қолдану түріндегі репрессиялық төлем әдістерінен көшу ұсынылады. Егер медициналық ұйым белгіленген индикаторларға қол жеткізсе, онда базалық қаржыландыру нәтижелерге байланысты 20-30% дейін қосылатын болады. Егер қол жеткізілмесе, онда кепілдендірілген базалық қаржыландырумен қалады.
Терең жүйелік мәселелердің ішінде Сәбит Ахметов медициналық ақпараттық жүйелердің бір-бірінен алшақтығы туралы айтты. Бұл дәрігердің жұмысын қиындатады және мониторинг сапасына әсер етеді. Қазіргі уақытта бұл мәселе шешілуде. Цифрландыру шеңберінде барлық 30 медициналық ақпараттық жүйенің деректері біріктірілетін бірыңғай деректер қоймасын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, мониторинг жүйесінде жаңа тәсілдер қолданылатын болады.
Бүгінгі күні біздің төлем процесі келесідей: емделген жағдайдың нәтижелері бойынша медициналық ұйымдар көрсетілген қызметтердің актілерін және шот-фактураны Қорға төлеуге ұсынады. Төлем алдында Қор мамандары мониторинг жүргізеді, бұл біраз уақытты алады. Нәтижесінде сіз бізге 100 миллионға акт бересіз, ал біз сіздерде 50 миллион тенгенің ақауы бар екенін айтамыз. Яғни, сіз соманың жартысынан азын аласыз және жағдай біржақты болып шығады. Біз осыны өзгерткіміз келеді. Егер бақылау автоматты түрде өтсе, төлем дереу жүзеге асырылады. Мониторингтің аяқталуын ұзақ күтудің қажеті болмайды. Бірақ төлем жасалғаннан кейін бақылаудың екінші кезеңі жүзеге асырылады. Ол үшін тәуекел жүйелерін басқару кешенін әзірлейтін боламыз. Барлық күдік тудыратын жағдайлар қайта тексеру үшін мониторинг сарапшысына жіберіледі. Бұл медициналық ұйымдардың жауапкершілігін арттыруы керек, - деді Қор басшысы.