Көкпекті ауданындағы балалар үйі жабылады
Бұл шешім Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйін толтыру үшін қабылданды
Фото:
chita.ru
Сұрақ облыс басшысы Даниал Ахметовтың қабылдауында К. Раев атындағы балалар үйінің қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі балалар үйіне жүргізілген сараптамалардың қорытындысы бойынша аудандарда қызмет етіп тұрған 6 балалар үйінің толымдылығы 55%-ға жетпейтінін хабарлады. Ең аз көрсеткіш Науалы және Көкпекті балалар үйлерінде екен. Сондықтан Көкпекті ауданындағы балалар үйін жауып, балаларды «Үміт» балалар үйіне ауыстыру шешімі қабылданды.
Балалар үйінің қызметкерлері жұмыс орындарын сақтап қалуды сұрады. Яғни осы мекеме нысанында медико-психологиялық диспансер ашуды ұсынды. Даниал Ахметов жұмыс тобын құрып, мекемені сараптауға жіберетінін айтты. Және ешкімнің жұмыссыз қалмайтынына уәде етті.