Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +19°
$
439.4
-0.03
473.54
+0.23
¥
60.82
-0.16
4.76
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 120 мыңнан астам адам артериялық гипертензиямен ауырады

Облыста артериялық гипертензиямен ауыратын 120 мыңнан астам науқас диспансерлік есепте тұр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 120 мыңнан астам адам артериялық гипертензиямен ауырады
Фото:
Устинка LIVE

Ресми мәлімет бойынша 90 мыңнан астам шығысқазақстандық 2 және 3-дәрежелі (АГ ауыр түрі) артериялық гипертониядан зардап шегуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Пациенттердің басты қателігі - олар қан қысымының көтерілуі  жасқа байланысты және бұл ауру тек қартайғанда пайда болады деп ойлайды. Бұл қате пікір. Өкінішке қарай, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларына қазіргі таңда жастар да көп шалдығатын болған. Ал артериялық гипертония инфаркт және инсульт, көз торы қабаттарының бөлініп кетуі, жүрек жеткіліксіздігі, аритмия және т.б. патологиялар қаупінің факторы болып табылады. Сондықтан жас кезден бастап аурудың алдын алу өте маңызды, - дейді облыстың штаттан тыс бас кардиологы Наталья Полторанина.

Облыстың бас кардиологы айтқандай, артериялық гипертензияның негізгі симптомы - көбінесе оянған кезде бас ауырады.

Әдетте, артериялық қысымның жоғарылауы кезінде желке тартып ауырады. Бас ауруынан басқа көптеген пациенттер басының қатты айналуы мен көзі қарауыту, дене қызуы көтерілмесе де денесі күйіп-жануына, құлақтарындағы шуға, жүректің қатты соғуына және жүрек тұсының ауырсынуына шағымданады. Алайда 30% жағдайда артериялық гипертония симптомсыз өтеді, - дейді кардиолог.

Айтпақшы, артериялық гипертензия диагнозын анықтау үшін зертханалық диагностика қажет емес. Алайда ол артериялық гипертензияның екінші формаларын болдырмау (екінші реттік АГ барлық гипертониялардың 5-10% -ын құрайды), нысаналы органдардың зақымдануын анықтау, жүрек-қан тамырлары қаупін бағалау және емдеудің тиімділігі мен пациенттің өмір сүру сапасына әсер ететін ілеспе патологияны анықтау үшін қажет.

Кардиолог артериялық гипертензиясы бар науқастарда қайталама гипертензияны болдырмау мақсатында пациенттің шағымдарын ескере отырып, қосымша тексерулер тағайындайды.
Наталья Полторанина пациенттер учаскелік дәрігерден білікті кеңес алып қана қоймай, тар сала мамандардың қабылдауына, холтер-мониторинг, эхо-кардиография, сүйектен тыс жаңғырық-кардиография кіретін кеңейтілген зерттеу кешенін алуға құқылы екенін айтты. Бұл ауру кезінде медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК ) және МӘМС шеңберінде ақысыз және толық көлемде көрсетілетінін, дәрі-дәрмекпен МӘМС аясында тегін қамтамасыз етілетінін айта кеткен жөн.

Диагнозды тек дәрігер ғана қояды және аурудың дәрежесі мен болжамды да тек маман анықтай алады. Терапияны дәрігер мен пациенттің бірге жұмыс істеуі кезінде ғана сауатты түрде таңдауға болады. Қазіргі заманғы дәрілерді күніне бір рет (кейде екі рет) қабылдаса, ол қан қысымын тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етеді, бұл жұмыс істейтін адамдар үшін қолайлы. Сол себепті маманға хабарласып, диагнозды нақтылап алудан қорықпау керек.

Наталья Полторанина артериялық гипертонияны емдеу кезіндегі ең көп тараған қателіктерді атады:

  • Бірінші қателік - пациенттер препараттарға үйреніп кетемін деп қорыққандықтан, дәрі-дәрмектерді қабылдауды өз еркімен  тоқтатады. Кардиологиядағы препараттардың жақсы дәлелді базасы бар, оларға ағза үйреніп кетпейді (препаратты қабылдау тоқтатылған соң оның ағзаға әсері тоқтайды), олардың іс жүзінде жанама әсері болмайды.

  • Екінші қателік, егер қан қысымы дәрігердің бір консультациясынан кейін тұрақтанбаса, басқа дәрігерлерді іздеп, тағайындауларын өзгерту дұрыс емес. Себебі бірінші реттен бастап қолайлы препарат пен оның мөлшерлемесін әрдайым таңдап алу мүмкін емес. Терапияны түзету үшін дәрігерге қайтып келіп, өзінің гипертоник күнделігін (АГ зардап шегетін әрбір пациент міндетті түрде жүргізуі тиіс) көрсету керек. Соған қарап дәрігер басқа қосымша ем тағайындауы мүмкін.

Пациенттердің дәрігер тағайындаған дәрілерін өз бетінше алып тастап, досы, көршісі айтқан немесе жай ғана жарнамадан көрсетілген препараттарды қабылдай бастайтынын жиі кездестіремін. Бұл дұрыс емес. Сондай-ақ, антигипертензивті препараттарды биоқосымшаларға немесе өсімдіктен жасалған дәрілерге өз бетінше ауыстыруға болмайды. Олардың дәлелді базасы жоқ және олардың ұзақ мерзімді оң әсері болмайды. Көптеген пациенттер өз препараттарын тұрақты қабылдамайды және олар туралы қан қысымы көтерілген кезде ғана еске алады. Бұл да дұрыс емес. Қан қысымын реттейтін препараттарды жоспарлы тәртіппен қабылдаса, оның жинақтау әсері болады. Оларды тұрақты түрде бір мезгілде қабылдау керек, Тағы бір көп тараған қателік, жедел жәрдем препараттарын (каптоприл, физиотенз) тұрақты негізде ішуге болмайды. Оларды қан қысымы көтерілген кезде негізгі препараттарға қосымша бір жолы ғана ішуге болады, бірақ олар тұрақты қабылдау үшін есептелмеген, себебі олар қысқа әсер ететін препараттар, - деп түсіндірді бас кардиолог.

Следующая →