ШҚО-да "Жайлы мектептер" салу үшін 34 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысында 4200 орындық 10 мектеп салынбақ
![Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Жайлы мектептер" салу үшін 34 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Жайлы мектептер" салу үшін 34 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді](/upload/iblock/bf2/1f4u27ayjxlc6uonvy3naz5otinh125s/imgonline_com_ua_Resize_TWVYQZm9kwj.jpg)
Он мектептің жалпы құны 34,7 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Саят Тойкеновтің мәлімдемесіне сүйеніп.
2023 жылы 10 мектептің ішінен 3 мың орындық 7 мектептің құрылысы басталады. Оларды іске асыруға Ұлттық қордан 9,4 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда барлық 10 мектептің жер учаскелері анықталды, олардың жетеуі "Samruk - Kazyna Construction" АҚ атына ресімделген, - деді Саят Тойкенов.
Сондай-ақ, ол 4 мектеп бойынша конкурстық жұмыстар аяқталып, мердігерлік ұйымдар анықталғанын, 3 мектеп бойынша конкурстық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. "Samruk-Kazyna Construction" ақпараты бойынша конкурстық жұмыстар шамамен 4 тамызда аяқталады.
Жобаға сәйкес мектептердің жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жергілікті атқарушы органдар жеткізетінін атап өткім келеді. Сараптама алудың жоспарланған мерзімі – қыркүйек айы, - деді Саят Тойкенов.