Шемонаиха аудандық ауруханасы жаңа жабдықтармен толығып, жаңа дәрігерлер келді
Биыл ауруханаға акушер-гинеколог және неонатолог дәрігері келген
Аудандық ауруханада бір жылға жуық уақыт бойы акушер-гинеколог болмаған, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйеніп.
Шығыс Қазақстан облысының аудандарының медициналық ұйымдарын заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыру және мамандарды тарту – денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Дәрігер неонатолог Адиля Битемірованың аудандық ауруханалағы жұмысқа кіріскеніне бірнеше күн ғана болды. Ол аудандық аурухананың бас дәрігерінен Семей қаласының медициналық университетінің қабырғасында өткен көктемгі жәрмеңке кезінде шақырту алған.
Адиля Битемірованың айтуынша, жас кадрлардың ауылға баруға құлықсыз болуының бір себебі – оқуын тәмәмдағандардың көбі өсемін деген үмітпен қалалық емханаларда қалып қояды. Бірақ оның пікірінше, ауылдық жерде қызмет ету үлкен тәжірибе береді.
Аудандық ауруханада өткен жылдың тамыз айынан бері акушер-гинеколог болмаған. Биыл маусым айында дәрігер Ажар Сейітқазина өз міндетіне кіріскен.
Жаңа дәрігерлерге жұмыс істеуге қажеттінің бәрі бар. Жуырда Шемонаиха аудандық ауруханасының перзентхана бөліміне жаңа жабдық – акушерлік және гинекологиялық тексеруге арналған сараптамалық класты УДЗ аппараты мен жаңа туған нәрестелерге арналған CPAP аппараты жеткізілді.
CPAP – баланың тыныс алу ырғағына сезімтал компрессор және олардың өткізгіштігін жақсарту мақсатында тыныс жолдарындағы қысымды жоғарылату үшін қосымша ауа береді, табиғи тыныстағы ауа ағынына кедергіні жеңуге көмектеседі.
Аудандық аурухана басшылығы мамандарға үлкен үміт артып отыр.
Жақында аудандық ауруханаға бірнеше жас дәрігерлер, оның ішінде тар бейінді мамандар келді. Бұл – облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудандық аурухана басшылығының жас мамандарды тарту жолындағы салиқалы да мақсатты жұмысының нәтижесі. Сондықтан сирек кездесетін екі мамандық өкілдерінің ауданымызға бірден қоныстанғаны бізді қатты қуантады. Жас кадрларымызға аудан әкімшілігі тарапынан толыққанды әлеуметтік қолдау көрсетілуде – бұл көтерме ақы және баспана, – дейді бас дәрігер Бақыт Таймасова.