Өскемен
Қалың бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
    +3°
  • Алматы
    +14°
  • Риддер
    +3°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Ақтау
    +13°
  • Атырау
    +19°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +17°
  • Түркістан
    +21°
  • Орал
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
482.53
+0.70
555.44
-1.36
¥
69.83
+0.07
5.92
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері Өскемендегі алғашқы құжаттарды табыстады

1 шілдеден бастап АХАТ функциялары Мемлекеттік корпорацияға берілді

Усть-Каменогорск и ВКО / Мемлекеттік корпорация қызметкерлері Өскемендегі алғашқы құжаттарды табыстады
Фото:
"Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметінен

Бүгін некеге тұрған алғашқы жас жұбайларды, сондай-ақ туу туралы куәлік алған жаңа туған нәрестелердің ата-аналарын "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиал басшылығы құттықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Азамат Есембулов АХАТ бөлімшелерінде құттықтау хаттары мен естелік сыйлықтарын табыс етті.

1 шілдеден бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мөрі бар құжаттарды бере бастады. Естеріңізге сала кетейік, неке қию әлі де АХАЖ бөлімдерінде тіркелуде. Ал 1 шілдеден бастап некені тіркеу мемлекеттік баж салығы 3 874 теңгені құрайды.

Біз Мунджон мен Айдана жас жұбайларымызды құттықтай отырып, оларға бірге ұзақ және бақытты өмір тілейміз. Олардың некелері сүйіспеншілікке, құрметке және өзара түсіністікке толы болсын. Сондай-ақ, облысымыздың барлық тұрғындарына электронды Үкімет порталы арқылы некені тіркеуге онлайн - өтініш беру мүмкіндігі бар екенін еске салғым келеді, - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов.

Естеріңізге сала кетейік, некені тіркеуге өтініштерді қарау, сондай-ақ шешімдер қабылдау және нәтижелерді беру АХАТ органдарымен жүзеге асырылады. Некені тіркеуге өтініш берген кезде салтанатты жағдайда жас жұбайлардың неке қиюды қалайтынын немесе қаламайтынын таңдау мүмкіндігі сақталады.


Следующая →