Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде әскери қызметшілер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша жиын өтті

Өскемен гарнизонының әскери бөлімдері және ШҚО Қорғаныс істер жөніндегі Департаментінің әскери қызметшілерімен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу ұйымдастырылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде әскери қызметшілер арасында  нашақорлықтың алдын алу бойынша жиын өтті
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Нашақорлық бүкіл әлем күресіп жатқан ауыр дерт. Сондықтан Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемендегі бөлімі қызметкерлері және облыстық наркологиялық диспансердің білікті нарокологтары Өскемен гарнизонының әскери қызметшілерімен кездесіп, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нашаны зияны мен адамның әлеуметтік өміріне тигізетін теріс әсері жайлы әңгімеледі.

Әскери полиция қызметкерлері есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдалану, сату және сақтаудағы жауапкершілік туралы еске салды. Ал нарколог маман есірткіге деген тұрақты теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында есірткі өнімдерің адам ағзасына қалай зиян тигізетініне тоқталды.

Қазіргі кезде есірткі инъекцияларын көп қолдана бермейді екен. Қазіргі жастар дәріханаларда сатылатын препараттарды немесе синтетикалық препараттарды қолданып, сол заттарға тәуелді болып қалады. Біз ҚР Қарулы күштерінің қатарына қосылған әр сарбаздың өміріне жауаптымыз. Сондықтан алдымызға келген жас сарбаздардың бойынан ондай әуестіктері болса, оларды тоқтатуға, олармен жұмыс жасауға міндеттіміз. Мұндай кездесулер бізге қоғамдағы жағдайды түсінуге мүмкіндік береді, - деді Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінің алдын алу бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Дидар Ибраев.

Нарколог маман әскери қызметшілерге салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын және есірткіні қолданудың зиянын түсіндірді және есірткіні сақтау мен тарату жауапкершілігі туралы ескертеді.

Следующая →