Өскемендені автоЦОН уақытша жұмысын тоқтатты
Жаңа ғана Өскемендегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өрт шықты деген ақпарат тарады
Алайда өрт мемлекеттік қызмет көрсетілетін орында емес, жанында орналасқан ғимаратта шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осыған байланысты келушілердің қауіпсіздігі үшін автоХҚО уақытша жұмыс істемейді.
Мемлекеттік корпорацияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2023 жылғы 27 маусымда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жанындағы ғимаратта өрт шыққанын хабарлайды. Клиенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автоХҚО жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, барлық техникалық жабдықтар мен мұрағаттық құжаттар ғимараттан шығарылғанын, ешқандай зақым келмегенін хабарлаймыз. AвтоХҚО-ның жұмысының қалпына келтіру туралы қосымша хабарланатын болады, - делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД 100 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілгенін және өрттің шығу себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.