Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +18°
$
443.72
+0.28
482.28
+1.77
¥
61.35
-0.01
4.9
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімінің орнына кім келеді?

Қазнет қолданушылары облыс әкімі орнына келуі мүмкін кандидаттарды болжады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО әкімінің орнына кім келеді?
Фото:
Устинка LIVE

16 маусым күні облыс мәслихатының депутаттары облыс әкімін тағайындау бойынша жиын өткізеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО мәслихатының сайтында облыс әкімін тағайындау үшін депутаттар жиналысы өтетіні туралы хабарлама жарияланды.

"Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2023 жылғы 16 маусымда сағат 10.30-да Өскемен қаласында Қазақстан көшесі, 55 (С. Аманжолов атындағы ШҚУ 5-корпусы) мекенжайы бойынша өтеді, - делінген хабарламада.

Ал бұл уақытта қазақстандық сайттар мен әлеуметтік желі қолданушылары өңірге әкім болып кім келуі мүмкін екенін болжауда. Мәселен, "Чемодан госсекретов" телеграм каналы кеше ШҚО әкімінің орнына бұрынғы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Президенттің көмекшісі Әсет Исекешев, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаевтың кандидатуралары қаралып жатқанын жазды. Ulysmedia.kz мәліметінше, Сматлаевты бұл лауазымға өңірдің қазіргі әкімі Даниал Ахметов лайық көреді, ал Тілеуберді мен Исекешевті Президент әкімшілігі ұсынып отыр.

Ал бүгін "Чемодан госсекретов" телеграм каналы ШҚО әкімі болып Ермек Көшербаев тағайындалады деген болжам жасады.

Айта кетейік, Көшербаев 2010-2014 жылдары ШҚО әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған. Ал 2020 жылдан ҚР-ның Ресейдегі елшісі қызметін атқарған.


Следующая →