Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскери қызметкерлер түрмедегілердің тыныс-тіршілігін көзбен көрді

Бұл қызметкерлерге адал жолдан аттап, қызметтен қалт кетудің салдарын ұғынуға көмектеседі

Усть-Каменогорск и ВКО / Әскери қызметкерлер түрмедегілердің тыныс-тіршілігін көзбен көрді
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Өскемен гарнизонының №27943, 47007 әскери бөлімдерінің және ШҚО Қорғаныс істер департаментінің лауазымды тұлғалары мен материалдық жағынан жауапты қызметкерлері уақытша қамау изоляторларына барды.

Бұл шараның мақсаты – ҚР Қарулы күштерінде қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру.

Осылайша әскери қызметте сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуды көздейміз, - деді Өскемен гарнизоны әскери полиция болімінің аға офицері әділет аға лейтенанты Қайсар Ахметов.

Мекеме мамандары әскерилерге тергеу кабинеттерін, жатын орындарды, асхананы, серуендеу алаңдарын және кездесу бөлмелерін көрсетті. Темір торға тоғытылған тұтқындардың бостандықтағы өмірі мен бүгінгі өмірінің айырмашылығы айқын сезіледі.

Следующая →