Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы түрмелерге қосымша камералар орнатылады

Шығыс Қазақстан облысында барлығы 6 түзету мекемесі орналасқан

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы түрмелерге қосымша камералар орнатылады
Фото:
pexels.com

Онда 2 798 адам жазаларын өтеп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Түзету мекемелері мен колонияларда жазасын өтеушілерді азаптау немесе басқа да заңсыз әрекеттерге жол бермеу үшін облыстық прокуратура бақылау жүргізеді.

Сотталған адамдарға қатысты заңсыз іс-әрекеттерге, азаптауларға және өзге де қатыгездіктерге жол бермеу мақсатында прокуратура қызметкерлері мекемелерді аралап, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштерден алынған жазбаларды тұрақты түрде қарап тексереді, сотталғандарды жеке қабылдайды, - деп мәлімдеді ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі. - Қазіргі кезде облыстың түзеу мекемелерінің аумағын түгел шолып қарау мақсатында сотталғандар көп жиналатын орындарда 1 044 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Бұдан басқа, осы жылдың соңына дейін "Көрінбейтін аймақтарды" қарау мақсатында қосымша бейнекамералар орнату жоспарлануда.

Бүгінгі уақытта сотталғандар электронды түрде өтініштерін беру үшін облыс мекемелерінде үздіксіз бейнебақылау жүргізілетін 37 терминал орнатылған. Осы жылдың өткен кезеңінде сотталғандар терминалдар арқылы уәкілетті органдарға 350 өтініш, оның ішінде прокуратура органдарына 250 өтініш жолдады. Азаптау туралы өтініштер түспеген, - делінген хабарламада.


Следующая →