Өрттен зардап шеккендердің балаларына грант бөлінеді
С. Аманжолов атындағы ШҚУ өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына 10 білім беру грантын бөлмек
Жоғары оқу орны Абай облысындағы тілсіз жау кесірінен қиын жағдайға тап болған жанұяларға материалдық көмек көрсетеді, деп хабарлады Устинка LIVE тілшісі университеттің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп.
Айтып келмеген апат салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты. Жүздеген адам азық-түліксіз, құжатсыз, қаражатсыз қалды.
Көрші Абай облысындағы өрт – елімізге түскен ауыр салмақ. Мұндайда әр азамат шетте қалмауы тиіс деп есептейміз. Университеттің ғылыми кеңесі зардап шеккен отбасыларға 10 грант беру туралы шешім қабылдады. Университет ұжымы марқұмдардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, - деді оқу орнының басшысы Мұхтар Төлеген.
Айта кетейік, алапат өрт 8 маусым күні басталған еді. Тілсіз жауды ауыздықтау әлі жалғасуда.